Өлең: Ілияс Жансүгіров (Әзәзіл)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Әзәзіл)

Түнде бұлбұл шырқап ән,
Орман шуы, қыз көзі —
Бәрі жаңа, бәрі сән.
Көрінгенде өмір езі,
Көкке көңіл желпінткен,
Еркіндік, даңқым, сүюім,
Ой қозғаған өнерім,
Қанымды қатты серпілткен,
Сағатын үміт, рақаттың
Көлденең қайғы күңгірттеп,
Кернеген бойын кекті ашу
Әлдеқандай бір дана
Жүрді жасырын маған кеп.
Қайғылы ед біздің ұшырасу:
Заһарлы сөзден, от көзден,
Көлгірсінген күлкіден
Жаныма сауық құйылды у,
Арылмас жауыз жаламен
Алла сырын етті өсек.
Шақырды қызық қиялмен;
Ақындықты көрді жек.
Еркіндік сүю дегеннің
Біріне де сенген жоқ;
Тұрды өмірді мазақтап —
Ешбір затты дүниеден
Есіркейін деген жоқ
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Әзәзіл өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Әзәзіл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]