Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сен де мен)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сен де мен)

Сен бай, мен бір қу кедей,
Сен прозаик, мен ақын.
Сен қандысың мак гүлдей,
Мен қансызбын өлімдей.
Бейнет көрмей өміріңе,
Биік үйде тұрасың.
Менші, уайым, әуреде,
Күн өткізем саламда,
Үй қып үйдің панасын.
Күнде тәтті жегенге,
Арақтан аузың борсыды.
Ерінесің төлеуге
Табиғатқа боршыңды.
Мен ші, қатты, кесек нан,
Суық, сасық суымнан,
Чердагімнің түбінен,
Белгілі қажет өтеуге
Жүз саржаға жүгірем.
Айналаң құл үйірі,
Ақиып деспотизммен
Қорқыта қарап бөртесің,
Семіз афедроныңды
Бәтеспенен сүртесің.
Ал мен байғұс, қайтемін?
Балалық сәнін не етемін,
Мен, жазалы тесікті,
Хвостовтың қатты жырымен
Тыржисам да сүртемін
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Сен де мен өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Сен де мен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]