Өлең: Ілияс Жансүгіров (Екпінділер мен прогульщик)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Екпінділер мен прогульщик)

Прогульщик:
Ей, екпіндім, мұнша неғып
Бүлінесің, терлейсің?
Самайыңнан терің ағып,
Жан рахатын білмейсің...
Екпіндінің біреуі:
Білеміз ғой рахатыңды,
Жатып арақ ішесің.
Сөйте - сөйте бұзық болып,
Тез - ақ торға түсесің.
Прогульщик:
«Жұмыс» дейсің, «жоспар» дейсің,
Ал не пайда табасың?
Кел, гуляйтті бір соғайық,
Мынау арақ, қанасың...
Екпіндінің біреуі:
Жоспар, жұмыс біздікі ғой,
Білмесең ол арасын.
Арақ қайдан? Ақша қайдан?
Нанды қайдан аласың?
Прогульщик:
Арақ алам саудагерден,
Тамақ алам пасктен.
Ақша аламын получкеде,
Нан аламын ларектен.
Екпіндінің біреуі:
Жоқ, жоқ, сені жұмысшылар
Қуылсын деп шулайды.
Тамақ та жоқ, арақ та жоқ,
Кеңірдегін қурайды.
Енді бір екпінді:
Прогульщик, пьянчикке
Жайлы жағдай бізде емес.
Аш көзіңді, ойла осыны,
Істемеген тістемес!
(Екпінділер шығып кетеді. Артынан прогульщик):
Ай! Ай! Тоқта!.. Маған мойнын
Тағы да бір бұрылсын.
Нан болмаса...
Бұл не керек?
Құрысын арақ, құрысын!
(Бөтелкені жерге ұрып, артынан шығып кетеді
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Екпінділер мен прогульщик өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Екпінділер мен прогульщик

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]