Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кеңес жалауы)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кеңес жалауы)

Ұшқыр жыр,
Құстай ұмтыл,
Қанатын қақ!
Қақ, заула,
Шық аспанға,
Талпынып бақ!
Шықты жаз,
Бауырың жаз,
Ескек жырым!
Желдей ес,
Әлі де қыс
Мұз мұхит жақ.
Борап кар,
Тұрған шығар
Қыс жылынбай,
Ақ аю,
Боран гу-гу,
Үскірік - ай.
Боранды,
Мұз, тұманды
Елемей ұш.
Кеңестің
Мұзды кескен
Ұшқырындай.
Молоков
Сияқты боп,
Көкке шырқа.
Ал өрлет,
Мұхиттан өт,
Бұлтты қырқа.
Шыр айнал,
Былтырғы арал
Не күйде екен?
Мұз тұр ма,
Сең жатыр ма?
Жұртта жұрқа?
Сең мініп,
Шатыр тігіп,
Түтін салған,
Бар лагерь,
Бар ма лагерь
Шоғырланған?
Мұз мұртты
Шмидті
Көре алмайсың,
Өткен жыл
Ұшып лагерь
Кетіп қалған.
* * *
Биікке, Өрлеп көкке
Мұз теңізде,
Әне, анау
Тұрған жалау
Таныс бізге.
Балға, Орақ
Жылы ұшырап
Кезге түсер.
Көз жібер
Ол - СССР
Деген сөзге.
Мұхитта,
Дүлей жақта
Мұз қыстайды.
СССР
Өңшең, ұшқыр
Құс ұстайды.
Мұз, түнде,
Дүлей дүние
Ортасында,
Жұртым-ау,
Жалғыз жалау
Неге ұқсайды?
Жер, дүние
Топан күйде
Мұз құсады.
Жалмауыз
Капитал мұз
Сені қысады.
Меңіреу қыз —
Заңғар шың, құз.
СССР - дің Әне анау
Қызыл жалау өз нысаны!
Қар, сендей
Жеңілгендей
Қара жер қарт,
Дегендей
Кеудемді өрлей
Жолыңды тарт.
Керілді,
Керуендеді,
Аттанды өрге,
Қайнаған
Мұзды айырған
Ұлы қуат
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Кеңес жалауыөлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Кеңес жалауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]