Өлең: Ілияс Жансүгіров (Елеске)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Елеске)

Қара бір көзің мөлдіреп,
Қарама, жүректі өртейсің.
Елесіңе ішім елжіреп,
Жанымды улап дерттейсің.
Асау жүрек құр тулап,
Күзетеді, тосады.
Көрінбейсің мені улап,
Елесіңді елес құшады.
Сүйемін сені өңімде,
Құшамын тек түсімде.
Мендей сүйген өмірде
Болды ма екен кісіде?!
Күдіктімін осыған,
Жоқ, болған да жоқ шығар.
Мен осыдан шошынам:
Суретің елес боп шығар!..
***
Жалғыз лампы — жолдасым:
«Көңілің күңгірт болмасын»,
Дегендей ол тұр жанып.
Жаттым жалғыз жан қинап,
Мынау тұрған лампыдай,
Бір басылып, бір жанып.
***
Кейде көзім бұлдырап,
Кейде аламын кітапты,
Ұмытуға қам қылып.
Не құшу жоқ, ішу жоқ,
Махаббатың жеп қойды-ау,
Жалындап жан, қан суып.
Жатқанымда, жарқ етіп
Шыға келдің, жаным-ай.
Кеттім еріп, қан жылып.
Құшақтадың қаусырып,
Мен дәрменім таусылып,
Тиді ерніме бал жылып.
***
Балды гүлге жабысқан,
Арадайын алқымдап,
Қалдым сорып, бал сүйіп...
Әлде түсім? Әлде өңім?
Есептермін артынан,
Алсам егер хал жиып.
Сүйеніш деп көңіліме,
Өзіңді бір көруге,
Келіп едім қаңғырып.
Құмар едің аңсаған,
Қатты разы мен саған...
Қалды жаным жаңғырып
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Елеске өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Елеске

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]