Өлең: Ілияс Жансүгіров (Хат)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Хат)

Есімде, жаным, сағынам,
Жақыным, жаным, Фатима.
Сағынғанның белгісі —
Қараймын қайта хатыңа.
Жаным тұтқын өзіңе,
Тілім тұтқын атыңа,
Шермендемін, шерлімін,
Жібімейді көңілім
Жақыныма, жатыма.
Бергі заман бірге өтті,
Бір қарасам артыма,
Мен сыйладым, сақтадым,
Сөз айтпадым батыра.
Достым дедім құрметтеп,
Есептеп, жәй татуға,
Бір қалыпты өмір жоқ,
Көңілімде жоқ пәтуа.
Әлде есірке, әлде сөк:
Барды жүрек батылға.
Міне, сенсең, дәл он үш жыл
Күйем, жанам отыңа.
* * *
Ойда бір сен... ойлаймын,
Өзімді санап жындыға.
Heттi маған? Не болды?
Білмеймін... жын ұрды ма?
Аласұрам, сағынам,
Ақылға дерт қонды ма?
Не қылсаң да кілт сенде,
Көңіл бөл мен сорлыңа.
* * *
Отыңа күйдім жүз отыз ай,
Күйген көңілім — көмір, тат.
Болмаған соң көңіл жай,
Бәрі — бөтен, өмір — жат.
Бұл — ақиқат, бұл — шыным,
Шындығына — ішем ант,
Ашылдым, айттым, өзің біл,
Аяғында жаздым хат.
Тілегім менің, жан сәулем,
Осы хатты қолыңа ал.
Оқы да, ойлан, бағала,
Деме мені жолығар.
Сені өмірімде көрмеске
Бел байлаған жолым бар.
Көрмей сөнсін сұм жүрек,
Сенен жанған шоғы бар.
Сені қалай көруге,
Шыдамай жүрек қорынар.
Қазан соққан көк егін,
Келді кезең орылар.
***
Ақылың бар, білемін,
Сезімің не, ол — жұмбақ.
Ақылымнан адасып,
Жүрек жұмсап, жаздым хат.
Өмірге үнсіз кетуге,
Көңіл көнбес, азғырмақ.
«Жүрек дерті менікі ғой», —
Дедім, — «Неге жазғырмақ?»
Мейірім етсе, аяса,
Жөндер жауап, жазар хат.
Егер аяу етпесе,
Айтар сөзі: —
Ақымақ!
* * *
Сенсең, сәулем білмеймін:
Мендегі осы қандай хал?
Сағым қуып, салпақтап,
Сарғайған жан — бір сандал.
Мұндай халдың аяғы:
Жауласар дос, даттасар.
Ақылға сал қазыла,
Ақылыңды айт, хатқа сал.
Егер жеңсең, сендірсең,
Бәлкім жүрек тоқтасар.
Мен жазықты, күйікті,
Сөз жоқ менде ақтасар.
Ая, саған жүдеумін,
Жақын — жаулар, жат — қашар.
Ол іздейді кісісін,
Кісісі - бір өзіңсің,
Өмірге сыр сақтасар.
Егер күлсең, сенбесең,
Онда күн жоқ сорлыңа
Жүрек жайлар, бақты ашар,
Онда маған тірі өлім.
Онда сөзге мұхтасар,
Онда менің біткенім,
Жаңа-жаңа өткенім...
Хатты да сол отқа сал!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ілияс жансүгіров Хат өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Хат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]