Өлең: Фариза Оңғарсынова (Түрмеге хат)
Салғандай тыпырлатып жанды мұзға,
шырылдап күн кешсем де қарлы құзда,
жүргенде Сіз биікте, білесіз ғой,
бармап ем «ағатайлап» алдыңызға.
Өлеңнің сәттері көп жылар, күлер,
мен үшін жайлы тірлік – мұнарлы бел.
Өзіме пайда бермес әдетім бар –
жуыспай, биліктіден жырақ жүрер.
Хат жаздым бүгін Сізге – шыдамадым,
шетінде тұрғандаймын құламаның.
Бұл хатым – жүрек сөзі қазақтағы
қарындас атаулының, мың ананың.
Жақсы өмір орнату боп бар арманың
тер төгу бекер екен – жаңа аңдадым.
Кісіні өлтірген де жүр алшаңдап,
мен Сізді құтқарар күш таба алмадым.
Жақсының соңында елден алғыс қалар,
артында кей бастықтың қарғыс қалар.
Жығам деп жалғандықтың қыш қорғанын,
бұл күнде жігіттер аз жалғыз шабар.
Бара ма уақыт мүжіп, қалмай мәнім –
кете алмай жүр менің де шалғайға әнім.
Сұңғыла перзенттерін қорғамаған
қоғамды қоғам деуге бармайды арым.
Осында көп бөрікті жүр тепеңдеп,
ел сенген қазақты ел-жұрт етер деп.
Ойлайсыз: «Соңымда ұл-қыз бар деуші едім –
бәрі де құр әншейін қырт екен…» – деп.
Кетпеді, даламызды зар мекендеп,
шарасыз жігіттер жүр, жанда – кермек:
«Маңдайға Асекеңді сыйғызбаған
қазақтай сормаңдай ел бар ма екен», - деп.
Бұл өмір ұршық екен айналмалы,
кейде мен шабақтаймын қайраңдағы.
«Обал…» – деп күрсінеді Әбділдә ағам –
қазақтың өлеңінің пайғамбары.
Көшер ме жаутаңдаған жетім күнім,
тұтады жетім күйден бетімді мұң.
Құлатып Құлагерін зар илеген.
өзім де Ақан ағам секілдімін.
Сіз барда таптай алмай жат табаны,
өскен-ді Шымкентімнің бақ-талабы.
Басшылар бүгін оны өнеге етіп
өздері салдырғандай мақтанады.
Халқыңыз аңыз етер Сізді бүгін,
«Өмірден өшпейді, - деп, - ізгілік үн».
Сен, аға, күн де туар ұмыттырар
өтпелі замандардың ызғырығын.
Жұмақ бар жер бетінде, тамұқ та бар,
қоршайды қоғам деген алып қамал.
Шара жоқ қарындаста, кептер-жырым
көңілімді Сізге деген алып барар
шырылдап күн кешсем де қарлы құзда,
жүргенде Сіз биікте, білесіз ғой,
бармап ем «ағатайлап» алдыңызға.
Өлеңнің сәттері көп жылар, күлер,
мен үшін жайлы тірлік – мұнарлы бел.
Өзіме пайда бермес әдетім бар –
жуыспай, биліктіден жырақ жүрер.
Хат жаздым бүгін Сізге – шыдамадым,
шетінде тұрғандаймын құламаның.
Бұл хатым – жүрек сөзі қазақтағы
қарындас атаулының, мың ананың.
Жақсы өмір орнату боп бар арманың
тер төгу бекер екен – жаңа аңдадым.
Кісіні өлтірген де жүр алшаңдап,
мен Сізді құтқарар күш таба алмадым.
Жақсының соңында елден алғыс қалар,
артында кей бастықтың қарғыс қалар.
Жығам деп жалғандықтың қыш қорғанын,
бұл күнде жігіттер аз жалғыз шабар.
Бара ма уақыт мүжіп, қалмай мәнім –
кете алмай жүр менің де шалғайға әнім.
Сұңғыла перзенттерін қорғамаған
қоғамды қоғам деуге бармайды арым.
Осында көп бөрікті жүр тепеңдеп,
ел сенген қазақты ел-жұрт етер деп.
Ойлайсыз: «Соңымда ұл-қыз бар деуші едім –
бәрі де құр әншейін қырт екен…» – деп.
Кетпеді, даламызды зар мекендеп,
шарасыз жігіттер жүр, жанда – кермек:
«Маңдайға Асекеңді сыйғызбаған
қазақтай сормаңдай ел бар ма екен», - деп.
Бұл өмір ұршық екен айналмалы,
кейде мен шабақтаймын қайраңдағы.
«Обал…» – деп күрсінеді Әбділдә ағам –
қазақтың өлеңінің пайғамбары.
Көшер ме жаутаңдаған жетім күнім,
тұтады жетім күйден бетімді мұң.
Құлатып Құлагерін зар илеген.
өзім де Ақан ағам секілдімін.
Сіз барда таптай алмай жат табаны,
өскен-ді Шымкентімнің бақ-талабы.
Басшылар бүгін оны өнеге етіп
өздері салдырғандай мақтанады.
Халқыңыз аңыз етер Сізді бүгін,
«Өмірден өшпейді, - деп, - ізгілік үн».
Сен, аға, күн де туар ұмыттырар
өтпелі замандардың ызғырығын.
Жұмақ бар жер бетінде, тамұқ та бар,
қоршайды қоғам деген алып қамал.
Шара жоқ қарындаста, кептер-жырым
көңілімді Сізге деген алып барар
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: