Өлең: Фариза Оңғарсынова (Сунақтың сұлу қыздары)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Сунақтың сұлу қыздары)

Жігіттер, шағын мынау жырлап қалар,
салдықпен сұлу құшар, сырды ақтарар!
Қиғаш қас, құралай көз қыз іздесең,
сенделме, селтеңдеме - Сунаққа бар!
Қартаяр сүймеген жан жасы жетпей,
бұл да бір басқа түскен қасіреттей.
Сунақтың тобылғы төс сұлулары
қоймайды, жігіт болсаң, ғашық етпей!
Сунақтың жері - жұмақ, дала-бағы,
перзенті періштедей дара бәрі,
жаны мен тәні таза мұндай ұрпақ
тек қана құштарлықтан жаралады!
Сейіліп көңілдегі көп күдігім,
менің де шаттанатын жетті күнім.
Осында көргендеймін даламыздың
ертегі сұлулығын, тектілігін.
Мәніңді тоңазытқан мұз-жалғанда
суынып сезім-алау, сыздар жан да.
Сұйылмас, суымас та ұрпақ қаны,
Сунақта жаны шықтай қыздар барды!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Сунақтың сұлу қыздары өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Сунақтың сұлу қыздары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]