Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жасампаз шақ жастық шақ)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жасампаз шақ жастық шақ)

Жасампаз шақ, жастық шақ!
Дүниенің бәрі мөп-мөлдір арманға тұнып,
көгілдір қиял,
тәтті оймен таңдарды атырып,
алапат асау өмірге жасқаншақтамай
қарайтын өктем от тұяқ тарланда тұрып.
Көкірегі толы әсем ән,
көрініп өмір айнымай мүлде көктемнен,
гүл теріп қайтар достармен күнде бөктерден.
Жаңылыс басқан сәттерің жүрегіңді өртеп,
дөңбекшуменен көз ілмей түндер өткерген.
Мазасыз көңіл,
жас дәурен,
жетелеп аппақ армандар жаһан жақтарға,
жасайсың қолдан өмірді қатал қапталда.
Бүріскен кәрі дүниені
жаныңның алау
отымен жылытып жүресің қаһарлы ақпанда.
Жалынды жастық алауым!
Ерліктер деген өзіңнен басталған анық,
алдыңда сенің бас иген асқарлар алып.
Қайсар даланың ұрпағы қанатын қаққан,
Жаңа заманның жалыны шашқанда жарық!
Зымырап жылдар зулайды:
тіршілік заңы жүйткуден қалғымас мүлде,
беттесең, өмір ұқсамайды қарлығаш, гүлге...
Бәрібір сенің өр тұлғаң сан жүректерде
лапылдап жанып тұрады мәңгі жас түрде!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Жасампаз шақ жастық шақ өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Жасампаз шақ жастық шақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]