Өлең: Фариза Оңғарсынова (Келгеніңде сапардан арып-ашып)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Келгеніңде сапардан арып-ашып)

Келгеніңде сапардан арып-ашып
(өз ұяңа әйтеуір жаның асық),
жүрегімен сағынып, жылап-күліп
қарсы алса ғой біреулер жамырасып.
Жолға шығып, есейіп ес білгелі
(жетім көңіл қашан да кекшіл ме еді),
сағат санап сарғайып, өліп-өшіп
сағынбайтын секілді ешкім мені.
Келгенде, рас, жарылмай әрең жүрек,
оралады мойныма пәлен білек,
Сонда-дағы сеземін тұрмағанын
тым болмаса бірінің жаны елжіреп.
Маған біреу жетпей жүр тылсымға ерер
(бұл сырымды жұрт бәлкім құнсыз көрер),
айтқызбай-ақ басыма жастық салып,
талқсысам сұратпай сусын берер.
Сезінудің аңсаймын күшін күндей,
Жүрем содан жабырқап ішім күлмей.
Жұртты ұғудан шаршадым, жан көрінбей
мені де бір түсінер түсіндірмей.
Өтіп жатыр өмірім сағым бұлттай,
басқаларға бойым шың, әнім нықтай.
Алыс жандар жырыммен жүрекке еніп,
өз үйімде ешкім де жанымды ұқпай
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Келгеніңде сапардан арып-ашып өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Келгеніңде сапардан арып-ашып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]