Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ғұмыры бітпес үйдегі)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ғұмыры бітпес үйдегі)

Ғұмыры бітпес үйдегі
тірліктің жайы талдырып,
сезімді нандай иледі,
үміт пен арман қалды ұмыт.
Баланың қамы, үй қамы,
Әйтеуір бітпей күйбеңі,
жұмысың тағы қинады,
жазбаған жырың ми жеді.
Ұмытар өзің өзіңді
бір сәтті сонда аңсадың,
күйбеңдер қажап төзімді,
жұқарып жүйке, шаршадың.
Достар ма құяр күлкі үнін,
қырдағы туыс, бауыр ма,
жаныңа берер бір тыным
әлде бір шалғай ауыл ма –
әйтеуір дайын тұрасың
кетуге кейде үйіңнен.
Мұраттан сүйтіп шығасың,
кездесіп талай жиынмен.
Жеткізбей бірақ таң-үміт,
өтеді думан,
нұр күнің,
кетесің сосын сағынып
таусылмас ошақ тірлігін
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Ғұмыры бітпес үйдегі өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Ғұмыры бітпес үйдегі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]