Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жыр жазу деген – азап от)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жыр жазу деген – азап от)

Жыр жазу деген – азап, от
әйел боп туған болмысқа,
жаныңда титтей маза жоқ,
жолың да тайғақ, қол қысқа.
Табиғатыңнан шыға алмай,
әйелдігіңе тұсалып,
талантың арбап жыландай
шағады сені құса ғып.
Көңілің өсер, жоқ тағат,
құштырар дауыл, өртін де.
Әйелдік тағдыр ноқталап
сүйрейді болмыс-төркінге.
Жазымыштың әнін тыңдатқан
балапан – балғын балаң бар.
Күймесі жырдың бір жақтан
қоңыраулатып тағы арбар.
Екі ұдай сезім. Шарқ ұрып,
ғұмырың солай тынады-ау.
Бір өрттен қашсаң шарпылып,
алдыңнан шығар бір алау.
Азаппен атқан таң аз ба,
жарқ етіп кейде жыр-үміт.
Беттегім келмей қағазға,
ас үйге кетем жүгіріп
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Жыр жазу деген – азап от өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Жыр жазу деген – азап от

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]