Өлең: Фариза Оңғарсынова (Кездеспей жан мен ойы сұңғыла жан)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Кездеспей жан мен ойы сұңғыла жан)

Кездеспей жан мен ойы сұңғыла жан,
мен жиі жалғызсырап тұнжырағам.
Бойымды үйретер кез болса-дағы
үмітке жерік көңлі құрғыр алақ!
Шағылып тауым әйел, еркегінен
пенделік қылықтардан жеркеніп ем.
Көңілім қалған талай
адамдардан
ойы да, сезімі де келте кілең.
Түңілсем сөз бен ісі жалаң жаннан,
көрінер түйсіксіздей тәмам жалған.
Мен бірақ түңілмеймін
жүрегімен
халықтың әнін салған адамдардан.
Мәңгіге күнің шығып тұра ма алдан —
құлжадай құздан тайған құлар арман.
Мен бірақ түңілмеймін
жат біреудің
қосылып қайғысына жылағаннан.
Өз балам, өз жайым деп күбірлеуден
аспайтын адамдардан түңілген ем.
Мен бірақ үміт күтем
жылап жатқан
сәбиге жаны шығып жүгіргеннен.
Мен талай құлазығам, күдіктенгем.
Жанымды жарақаттан тіліктенген —
келемін Жер бетінде
жамап, жалғап
осындай күміс тінді үміттермен
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Кездеспей жан мен ойы сұңғыла жан өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Кездеспей жан мен ойы сұңғыла жан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]