Өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңіл)
Аспан шәйдай. Жанымда қырық қайғы.
Күн де майдай, ал мені жылытпайды.
Тайлы бие сауғанның сабасындай
көңіл тақ-тұқ. Ішті ыза шыбықтайды.
Аз халқымның тағдыры жыртық әлі,
бұғалықты бестідей бұлқынады.
Кей сабазым ел атын қалқан етіп
жаттан ұпай жинауға ұмтылады.
«Саналыға бұл өмір неге түрме?!»
Жан сиреді жаныңмен сенетін де.
Сайдан сая таппаған сайғақтайын
ойлылардың тағдыры жел өтінде.
Сана ойқастап, сезімім қалжырады.
Тартылуда мәнімнің нәр-бұлағы.
Тамырымен қопсыта қопаруда
шалғынымды уақыттың шалғылары.
Жүрегімді ырситып ой күредім,
тілімді алмай десем де: «Қой, жүрегім!»
Қасаң орта көсілтіп құшағымды
жаздырмай-ақ әйтеуір қойды менің.
Жырым – жалаң. Жерім - өрт,
жұртым – күлгін,
жұтқанға мәз у балын сылқым түннің.
Күліседі: «Ел жүгін көтерем деу
не тәшіне керек, - деп, - бұл шіркіннің!».
Сүлдерімді сорады жұтқан қайғы,
сезем: жанға, шарқ ұрмай, ықтау жайлы.
Жүрмін жерден ықтасын таппай әлі.
Аспан ашық. Жанымды бұлт торлайды
Күн де майдай, ал мені жылытпайды.
Тайлы бие сауғанның сабасындай
көңіл тақ-тұқ. Ішті ыза шыбықтайды.
Аз халқымның тағдыры жыртық әлі,
бұғалықты бестідей бұлқынады.
Кей сабазым ел атын қалқан етіп
жаттан ұпай жинауға ұмтылады.
«Саналыға бұл өмір неге түрме?!»
Жан сиреді жаныңмен сенетін де.
Сайдан сая таппаған сайғақтайын
ойлылардың тағдыры жел өтінде.
Сана ойқастап, сезімім қалжырады.
Тартылуда мәнімнің нәр-бұлағы.
Тамырымен қопсыта қопаруда
шалғынымды уақыттың шалғылары.
Жүрегімді ырситып ой күредім,
тілімді алмай десем де: «Қой, жүрегім!»
Қасаң орта көсілтіп құшағымды
жаздырмай-ақ әйтеуір қойды менің.
Жырым – жалаң. Жерім - өрт,
жұртым – күлгін,
жұтқанға мәз у балын сылқым түннің.
Күліседі: «Ел жүгін көтерем деу
не тәшіне керек, - деп, - бұл шіркіннің!».
Сүлдерімді сорады жұтқан қайғы,
сезем: жанға, шарқ ұрмай, ықтау жайлы.
Жүрмін жерден ықтасын таппай әлі.
Аспан ашық. Жанымды бұлт торлайды
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңілің ауасындай тымық қырдың)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Тілеулестерге)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бұлақтар құздардан асып)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңілің ауасындай тымық қырдың)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Тілеулестерге)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бұлақтар құздардан асып)
Іздеп көріңіз: