Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен осы не істесем екен бүгін?)
Мен осы не істесем екен бүгін?
Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім.
Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда
жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым!
Жалғанды жарқыратып күміс қары,
тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.
Бұл күнге жетпей кетті қаншама адам,
қанша жан бір-бірімен ұғыспады.
Осының бәрінен бір сабақ алмай
жүруім қате менің тағы адамдай.
Дүниеге жүрегімнің бар қызуын
шашсам ба, өз-өзімнен дараланбай?!
Әлде мен іні-сіңлі — жас қайыңға
аппақ қар ақ сезімдей жақсы айымда
Төлеген, Мұқағали армандаған
бір тойды дүрілдетіп бастайын ба?!
Өмірдің кеше алмаған кең өткелін
жақсылар жүретіндей жебеп керім.
Солардың барлығы үшін
бұл жалғанда
бір жарқын іс қылуым керек менің!
Отырған құсқа ұқсамай торда шерлі,
ертіп ап ән мен жырға жолдас елді,
қар басқан Алатауымның көкірегін
думанға толтырмасам болмас енді!
Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім.
Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда
жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым!
Жалғанды жарқыратып күміс қары,
тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.
Бұл күнге жетпей кетті қаншама адам,
қанша жан бір-бірімен ұғыспады.
Осының бәрінен бір сабақ алмай
жүруім қате менің тағы адамдай.
Дүниеге жүрегімнің бар қызуын
шашсам ба, өз-өзімнен дараланбай?!
Әлде мен іні-сіңлі — жас қайыңға
аппақ қар ақ сезімдей жақсы айымда
Төлеген, Мұқағали армандаған
бір тойды дүрілдетіп бастайын ба?!
Өмірдің кеше алмаған кең өткелін
жақсылар жүретіндей жебеп керім.
Солардың барлығы үшін
бұл жалғанда
бір жарқын іс қылуым керек менің!
Отырған құсқа ұқсамай торда шерлі,
ертіп ап ән мен жырға жолдас елді,
қар басқан Алатауымның көкірегін
думанға толтырмасам болмас енді!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Өз-өзімнен өртеніп барам жанып)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді)
» Қазақша балалар өлеңі: Фариза Оңғарсынова (Ақ мамам)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Өз-өзімнен өртеніп барам жанып)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді)
» Қазақша балалар өлеңі: Фариза Оңғарсынова (Ақ мамам)
Іздеп көріңіз: