Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар)

Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар,
жарқылдауға шамам жоқ, бойда мұң бар.
Мені құрмет тұтқаның үнімді емес,
жырларымды оқы да, ойларымды ал,
ойларымды ал, сонан соң ойланыңдар.
Жырыңды оқы жарқылдап, төгіл деме,
қылығымды алмаңдар көңілге де.
Жыр оқу да – бір дарын, көрген емен
артист болып түсімде, өңімде де,
өмір атты сахна төрінде де.
Әжептәуір шыққанмен ақын атым,
күлдіретін, сілесін қатыратын
жыр жазбаппын мінбеге лайықтап,
жұртты бір сәт шаттыққа батыратын
(жоқ-ау ақынмын деуге, зады, хақым!).
Ұғар ешкім болмаса – кісі жетім,
досы бардың ұялар ішіне Күн.
Менің күнім – сендерсің, тымсырайып
отырсам да ұғатын, түсінетін,
аялайтын, алдымда кішіретін.
Қызықпаймын дақпырттың даң-дұңына,
мақтаулардың, мансаптың барлығына.
Теріс қарап төсекте оқитындар
сезіп, ұғып бойлайды зар, мұңыма,
шомылады, шуақты таң нұрына.
Солар – менің жазылған тағдырыма!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Жыр оқы деп қолқалап қоймадыңдар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]