Өлең: Фариза Оңғарсынова (Сандалу)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Сандалу)

Араладым әлемнің талай жерін,
табам ба деп шындықтың арайлы елін.
Кезгеніммен жер бетін, кереметті
кездестірмей жүргенім қалай менің?
Жолығасың жандармен ақын жырлар,
жаны тұнған сұлулық ақылды ұрлар.
Қызығасың «Арман жоқ бұларда» деп,
ал, үңілсең, ішінде жатыр мұңдар.
Жолығасың жандармен батыр қылық,
қайда жүрсін – басатын тақымды нық.
Қамсыз өмір, бай тұрмыс…
ал олардың
тасасында зорлық пен жатыр былық.
Биліктінің қайда да құрығы үстем,
бас шұлғиды басқалар тынып іштен.
Байлық-патша билігін жер бетінде
жүргізеді, жеңбейсің мұны күшпен.
Қайда барсаң – мұқалған қайраттылық,
жауыр болған жүйріктей жайдақ мініп.
Үстемдіктің қолына ақыл кейде
су құяды зығыры қайнап тұрып.
Қаптағандай сұр жылан құрлығыңды,
сана сорып қуратты қырды, гүлді.
Көшімнен де көз жазып қалдым бүгін,
қайдан табам мекенді нұр ғұмырлы?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Сандалу өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Сандалу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]