Өлең: Фариза Оңғарсынова (Сауал)
Малдан бездік бейнеті белшеден деп,
қойдық құдық қазуды жер шемен деп.
Жұмыс іздеп балаға сабыламыз,
жаны тыныш отырар – кеңсе жөн деп.
Шұбат қайда білмейміз, қайда қымыз,
ақ араққа айналды айранымыз.
Бала аузына алмайды ірімшікті –
балды қосып қайнатып, май жағыңыз.
Орман етер өзге жұрт тақырды егеп,
күлкі етеміз, жатпаймыз ақылды елеп.
Пысқырмаймыз өнер мен ғылымыңа –
жастай басын баланың қатырма деп.
Айқай шықса, ән дейміз көңіл бұрып,
күй «тартамыз», темірді темірге ұрып.
Атқа мінсек, мәңгілік түспейтіндей,
жаяуларды жасқаймыз шегіндіріп.
Қозысы да өзгенің – кілең егіз,
біздің қойдан егізді тілемеңіз.
Есесіне, кісімсіп өзді-өзіміз,
бірімізге-біріміз шіренеміз.
Қарның тойса, қарқылдап күлкің ғажап,
жалмап жұтып жатса да жұртыңды азап.
Қос кеменің құйрығын ұстаймын деп
қайда барып тынасың, шіркін қазақ?!
қойдық құдық қазуды жер шемен деп.
Жұмыс іздеп балаға сабыламыз,
жаны тыныш отырар – кеңсе жөн деп.
Шұбат қайда білмейміз, қайда қымыз,
ақ араққа айналды айранымыз.
Бала аузына алмайды ірімшікті –
балды қосып қайнатып, май жағыңыз.
Орман етер өзге жұрт тақырды егеп,
күлкі етеміз, жатпаймыз ақылды елеп.
Пысқырмаймыз өнер мен ғылымыңа –
жастай басын баланың қатырма деп.
Айқай шықса, ән дейміз көңіл бұрып,
күй «тартамыз», темірді темірге ұрып.
Атқа мінсек, мәңгілік түспейтіндей,
жаяуларды жасқаймыз шегіндіріп.
Қозысы да өзгенің – кілең егіз,
біздің қойдан егізді тілемеңіз.
Есесіне, кісімсіп өзді-өзіміз,
бірімізге-біріміз шіренеміз.
Қарның тойса, қарқылдап күлкің ғажап,
жалмап жұтып жатса да жұртыңды азап.
Қос кеменің құйрығын ұстаймын деп
қайда барып тынасың, шіркін қазақ?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Баланың еркелігін)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Айналамда бозөкпе – кілең бала)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Тыңдашы, жан досым-ай)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жұрт мені қатал дейді)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Баланың еркелігін)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
» Өлең: Фариза Оңғарсынова (Айналамда бозөкпе – кілең бала)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Тыңдашы, жан досым-ай)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жұрт мені қатал дейді)
Іздеп көріңіз: