Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ұрпаққа)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ұрпаққа)

Жұртты ысырып өзіме жол да ашпадым,
басып өтіп басқаны төрге аспадым.
Жоқтау айтып, жібітіп ел көңілін,
сұрап, сығып алмадым көз жастарын.
Жең ұшынан ешкіммен жалғаспадым,
жалғандықпен алысып қан қақсадым.
Жар сап жоқтан өзгеге, жұртты жиып,
арзан атақ-беделге жармаспадым.
Дүрмегінен жырақпын дау-жаланың,
адалдықтың талқаны – қаузағаным,
Әкімдерге жағам деп үн шығармай,
біреулердің көңілін ауламадым.
Дөкейлерге су құйып тұра қалып,
аузы-басын жаласып құлап алып,
бақ-дәулеті басынан тайған күні
түскенім жоқ соңына шырақ алып.
Жарамсақтың білері – қарға кәсіп,
биліктімен май жалап, қан жаласып.
жұрт үйренген бұл күнде жалған күліп,
жалған жылап, өтірік жандары ашып.
Жарым естеу жанмын ба жұғымы кем,
арды аттамай, тек жүйке-шыныны үгем.
Өзі түгілі қылмыскер Жалғандықтың
жуыспадым жұқана-жұғынымен.
Ақылым жоқ, үстімде – от жамылғы,
бола алмаймын ел түгіл топқа да үлгі.
Бақ-байлыққа қол созған ақылды ұрпақ,
нысана етпе менің сыз соқпағымды
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
фариза оңғарсынова Ұрпаққа өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Ұрпаққа

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]