Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қаланың тас көмкерген тірлігінен)
Қаланың тас көмкерген тірлігінен,
жаныма жай таба алмай зыр жүгірем.
Биікке талпынсам да, тырп еткізбей
әйтеуір тұмшалайды түрлі жүген.
Жеткендей бір сәулеге шам жақпай біз,
алшаңдап «азатпыз» деп айға аттаймыз.
Бас ұрып жалтаңдаймыз көрінгенге,
әкімге жағынамыз, жалбақтаймыз.
Сүт, нан деп шал мен кемпір, қара бала –
кезекте дірдектейміз таң ағара.
Тар үйде бала-шаға шүпірлесіп
күтеді кезек дәретханаға да.
Әбжылан жылжып еніп кемемізге,
азабын өмір бойы шегеміз бе?
Тәңірім Хауа шешем қылмысының
жазасын тартқызады неге бізге?!
Тыпырлап тар бөлмеде тұншығамын,
жалпылдап сөне береді жыр-шырағым.
Ұрынған теріс ағынға қайықтаймын,
білмеймін құтқарам деп кім шығарын

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Керегіп жүр жаныма басқа бір ән)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қыз қуу)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен келмегенде)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
» Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Баланың еркелігін)

Іздеп көріңіз: