Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)

Өртейiн деп отқа көмдiм,
От жүрегiм жанбады.
Жанды апарып жарға бердiм,
«Пара ғой» деп алмады.

Жан, тәнiмдi, иманымды –
Асылымды бойдағы,
Аямадым жиғанымды,
Сонда да көз салмады.

Жар қараса, тiрiлушi ем,
Қарамаса, мен – өлiк.
Рахым етiп қылмады-ау ем,
Ендi үмiтiм қалмады.

Сөйтсем, онда сыр бар екен,
Байқамаппын мен оны.
Қосылайын өлсе деген,
Амалы екен – алдады.

Өлiп едiм, жар бiрiгiп,
Бiр бейiстi таңдады.
Ләйлi, Мәжнүн қарсы шығып,
Ерулiктi қамдады.

Тiрiлiкте қосылысқан,
Шын жар емес, ойнас ол.
Ондай асық – шынға дұспан,
Ол бейiске бармады.

Жар сипатын бiлсеңiз де,
Нәпсiң өлмей, деме жар.
Айла, алдау сөзiңiзге,
Шын хақиқат қанбады.

«Сен – Жарым» деп алдаған еп,
Тиедi оқ боп кеудеңе,
Өкiнедi уайым жеп,
Кiм аныққа нанбады
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Өртейін деп отқа көмдім өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Өртейін деп отқа көмдім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]