Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ызақорлар)
Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.
Ыза керсе бойыңды,
Ойлатпайды ойыңды.
Басқызып алсаң, пайда жоқ,
Батпаннан ауыр шойынды.
Ашумен қылған іс емес,
Қайрат та емес, күш емес.
Ашуына билеткен,
Ақылы түзу кісі емес.
Пішінің кетер қуарып,
Аузың, ернің ұзарып.
Тышатұғын баладай
Екі көзің қызарып.
Қабаған иттей арсылдап,
Дуанадай қалшылдап,
Ыза қылған кісінің,
Соңынан қалмай жалпылдап.
Осыдан пайда не шықты?
Мас күнінде нені ұқты?
Ақылға салып ойлашы,
Мұнымен болар кім мықты?
Буындырмай өзіңді,
Бұлтитпай-ақ көзіңді,
Ойланып айтсаң болмай ма
Керекті ғана сөзіңді?
Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді күйретпе.
Билеп алсаң ашуды,
Пайдасыз істен қашуды,
Сонда әдемі байқарсың
Аяқты қалай басуды.
Ашусыз адам болмайды,
Ескеру керек ондайды.
Қапы өткізбей қайырып
Алмағандар оңбайды.
Еріншек, ашу, құмарлық –
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.
Ыза керсе бойыңды,
Ойлатпайды ойыңды.
Басқызып алсаң, пайда жоқ,
Батпаннан ауыр шойынды.
Ашумен қылған іс емес,
Қайрат та емес, күш емес.
Ашуына билеткен,
Ақылы түзу кісі емес.
Пішінің кетер қуарып,
Аузың, ернің ұзарып.
Тышатұғын баладай
Екі көзің қызарып.
Қабаған иттей арсылдап,
Дуанадай қалшылдап,
Ыза қылған кісінің,
Соңынан қалмай жалпылдап.
Осыдан пайда не шықты?
Мас күнінде нені ұқты?
Ақылға салып ойлашы,
Мұнымен болар кім мықты?
Буындырмай өзіңді,
Бұлтитпай-ақ көзіңді,
Ойланып айтсаң болмай ма
Керекті ғана сөзіңді?
Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді күйретпе.
Билеп алсаң ашуды,
Пайдасыз істен қашуды,
Сонда әдемі байқарсың
Аяқты қалай басуды.
Ашусыз адам болмайды,
Ескеру керек ондайды.
Қапы өткізбей қайырып
Алмағандар оңбайды.
Еріншек, ашу, құмарлық –
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Құмарлық)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Құмарлық)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мінін айтса бұзылмас кімнің түсі)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Құмарлық)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Құмарлық)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мінін айтса бұзылмас кімнің түсі)
Іздеп көріңіз: