Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңіріні іздеп бір мұңғыл)
Тәңiрiнi iздеп бiр мұңғыл
Тас суретке шоқынса,
Өлсе де, болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.
Атақ, пайда iздемей,
Ойында мақтан жоқ болса,
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса.
Молдеке, оған таңданба,
Сол кiредi бейiске,
Екi жүздi сандалма
Сен қаласың кейiсте.
Құдайың мен дүниеге
Кезекпе-кезек шоқынсаң,
Инедей пайда тие ме
Мешiтте мың жыл отырсаң?
Кiмде болса шын мiнез,
Болмас онда екi сөз,
Өлтiрсе де көзбе-көз,
Иманын сатып, алмас бөз.
Иман да сол, дiн де сол –
Адаспайтын айқын жол,
Күнде, мейлiң, ыза бол,
Бейiске анық кiредi ол.
Мысал емес ындыным,
Әлгi мұңғыл – әулие,
Иманын сатқан жындының
Iздегенi – дүние
Тас суретке шоқынса,
Өлсе де, болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.
Атақ, пайда iздемей,
Ойында мақтан жоқ болса,
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса.
Молдеке, оған таңданба,
Сол кiредi бейiске,
Екi жүздi сандалма
Сен қаласың кейiсте.
Құдайың мен дүниеге
Кезекпе-кезек шоқынсаң,
Инедей пайда тие ме
Мешiтте мың жыл отырсаң?
Кiмде болса шын мiнез,
Болмас онда екi сөз,
Өлтiрсе де көзбе-көз,
Иманын сатып, алмас бөз.
Иман да сол, дiн де сол –
Адаспайтын айқын жол,
Күнде, мейлiң, ыза бол,
Бейiске анық кiредi ол.
Мысал емес ындыным,
Әлгi мұңғыл – әулие,
Иманын сатқан жындының
Iздегенi – дүние
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шам Сенен жарықпын деп күнәлі боп)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анық асық – әулие...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейісте бар сұлу жар...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өртейін деп отқа көмдім)

Іздеп көріңіз: