Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар)

Бір Құдай неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,
Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.

Бұл сөзге біреу мәңгүр, біреу нанды,
Ақылмен білген адам әбден қанды.
Жел мен су, тас, топырақ, шөп пен ағаш,
Ғаламда не бар болса, бәрі – жанды.

Өледі кейбіреуі қаза жетіп,
Кесесің, бүлдіресің бір нәрсе етіп.
О да өлі, бұ да өлі деп адыраймай,
Көзіңді байқап қара төмендетіп.

Қарасаң, көрінбей ме таста қына,
Оны кім сүйтіп қойды, ойла да ұна.
Шөп қураса, тамыры қурамайды,
Сондайлармен дүниенің бәрін сына.

Бірақ, жанның әлдісі, әлсізі бар,
Кейі дәнді, кейінің дәнсізі бар.
Дәндісінде өсім бар, үлкеймек бар,
Оның да дәмдісі бар, дәмсізі бар.

Өсімді, ең күшті жан адамда тұр,
Алдында жақсы да тұр, жаман да тұр.
Өзгенің бәрі – жалғыз адам үшін,
Жаралып орны-орнымен ғалам да тұр.

Несін сүй, несін сүйме, ерік өзіңде,
Нәпсің де, ақылың да тұр көзіңде.
Сынау үшін жаратқан бір Иең бар,
Тексерілмей қалмайсың бір кезіңде.

Хайуандар ақылы аздау, бізден төмен,
Айласы бірдей емес адамменен.
Шөп пен ағаш, суларды өлі дейміз,
Білім жоқ, сезімі жоқ ештемеден.

Ал енді осы сөзді мұтпай сақта,
Керекті бір іс келер артқы жақта.
Ақымақ пен хайуанның қайсысы артық –
Білінер салыстырып байқасақ та.

Таппай қылған хайуандық –жатқан өлі,
Осы болды тегінде сөздің жөні.
Кейінгі сөздерімнен байқап отыр,
Адамзат қыла ма екен, тегі, соны?

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа –
Есер, есірік, ынжықтық солар жақтан.

Еріншектің несі артық өліктен де,
Өзің сына оларды көріп кел де.
Байқарсың еріншектің төмендігін,
Көп мініп шабан тартқан көліктен де.

Хайуаннан несі артық қудың-дағы,
Бір антұрған залалкес тудың-дағы.
Қораға үрмес бір төбет, тышқан аңдып,
Адамдықты сонымен жудың-дағы.

Мақтаншақтың бұқадан артық жері –
Бұқа қойса, қоймайды біздің сері.
Жуан мойын, ала көз, мүйізі алай,
«Менен артық кім бар» деп жүргендері.

Көрсеқызар маймылдан ілгері ме,
Түбін көрмей қызықпақ білгені ме?
Адам қайтсе, сүйтемін дейді маймыл,
Мен де маймыл болам деп жүргені ме?

Ызақорды байқалық енді мақтап,
Қабатұғын төбетпен бір салмақтап:
Кей төбеттен жеңіліп, кейде жеңіп,
Әбден көзі қызарсын арсалақтап.

Бет түзетіп сәндегіш әтеш болсын,
Қоқиып, қодырайып, ұшып-қонсын.
Іш түземей, сыланып сыртын түзеп,
Тауықтың айғыры бол, бейне солсың.

Жоғарғы мұтпа деген сөзім бар ғой,
Байқайсың ба, ақыл, ой, көзің бар ғой?
Қылығына қара да сөзімді ойла,
Бұларға бір жолығар кезің бар ғой
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Хайуан мен ақымақтар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Хайуан мен ақымақтар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]