Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақтың жаманы болмас)
Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.
Бұл елде адалдық бар ма,
Ондайын байқадыңдар ма?
Істейді нені де болса,
Наданға арамдық ар ма?
Ар сатар шайға да болса,
Бір асам майға да болса.
Ізденіп табады, жейді
Арамды қайда да болса.
Жуаны қылады зорлық,
Момынның көргені – қорлық.
Теп-тегіс қулық пен ұрлық,
Ал енді қайтіп ел болдық?
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.
Бұл елде адалдық бар ма,
Ондайын байқадыңдар ма?
Істейді нені де болса,
Наданға арамдық ар ма?
Ар сатар шайға да болса,
Бір асам майға да болса.
Ізденіп табады, жейді
Арамды қайда да болса.
Жуаны қылады зорлық,
Момынның көргені – қорлық.
Теп-тегіс қулық пен ұрлық,
Ал енді қайтіп ел болдық?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Арғымақ атта сын болмас)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ақсаңнан биік тау болмас)
» Өлең: Болмас еді арманым (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ер жігіт дүниені көргені артық)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аурусыз жанға айла жоқ...)

Іздеп көріңіз: