Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кешегі Қаражан мен Байғұлағым)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кешегі Қаражан мен Байғұлағым)

Кешегі Қаражан мен Байғұлағым,
Жобалай, Әділ, Мыңғат, Байұзағым!
Бірадар Рақымберді Ұсабай мен,
Тоғалақ, Тәкей менен болды Ысқағым.
Сәкен, Көжек, Молдабай, Әкежандар –
Қамшы, құрық, жанторсық, саптыаяғым.
Не малыма қызықпай, не асыма,
Қиянатсыз, дос болып жүрген шағым.
Іні-ағалы, туғандар көп болса да,
Жалғанда шын дос еді сүйген бағым.
Қайда жүрсе қараған қабағыма,
Өзгенің берсе да алмай алтын тағын.
Ойымды айтпай біліп, ашпай көріп,
Бір мен үшін дайындап жүрер жағын.
Айрылдым ақ жүректі замандастан
Қайда екен, қайран достар, аруағың?
Бүгін бар есендікпен Кәріқыздар
Солардың көре қалған бір тырнағын.
Үйткенмен кеудесінде құр сүлдері,
Білмейді өзінің де не қылмағын.
Доссыз өмір – шоғы жоқ қара көмір,
Өткен күн – елестеген ол бір сағым.
Жан сүйеніш жақыннан айрылған соң.
Айып па алдымды ойлап жылағаным.
Солардың бәрін Ием жарылқасын,
Тілеймін жақсы орында жолықпағын.
Ойлай берсем, от шалар жүрегімді,
Жана бермей, қылайын сөзді шағын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Кешегі Қаражан мен Байғұлағым өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Кешегі Қаражан мен Байғұлағым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]