Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей)
Мен кетемін,
келеді тағы өмірге мендей,
Олар мінді көреді,
қисық жерін жөндей.
Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы,
Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей.
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек,
Бәрінен де сол мақұл –
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың түкке тұрмай арам ойы жойылып,
Аяғында хақиқатты бұл үшеуі жеңбек.
Сен бола гөр аққа жақ,
болам десең адам,
Адал еңбек берер бақ,
бассаң соған қадам.
Айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды адамның
Таппасы жоқ бұл өмірде, осынымды ұқ, балам!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын бақ қайсы? Күншіл кім?)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бостандық таңы атты)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)

Іздеп көріңіз: