Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей)

Мен кетемін,
келеді тағы өмірге мендей,
Олар мінді көреді,
қисық жерін жөндей.
Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы,
Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей.

Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек,
Бәрінен де сол мақұл –
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың түкке тұрмай арам ойы жойылып,
Аяғында хақиқатты бұл үшеуі жеңбек.

Сен бола гөр аққа жақ,
болам десең адам,
Адал еңбек берер бақ,
бассаң соған қадам.
Айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды адамның
Таппасы жоқ бұл өмірде, осынымды ұқ, балам!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Мен кетемін келеді тағы өмірге мендей

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]