Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шыннан өзге Құдай жоқ)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шыннан өзге Құдай жоқ)

Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кiм Құдай?

Бұрын шын бар, бүгiн шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегi жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

Шын махаббат қылуға,
Шын сабырың жете ме.
Көрiнген әрбiр сұлуға
Көңiлiң толқып кете ме?

Олай болса, таза ақыл,
Әулиелiк сенде жоқ.
Баянсызға бәрi – құл,
Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың,
Қасиетiн былғайсың.
Қылығын қылып жастықтың,
Бiр қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,
Бiрiн тастап, бiрiн мiн.
Адам емес – айуансың,
Неге тұрсын сенде шын?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Шыннан өзге Құдай жоқ өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Шыннан өзге Құдай жоқ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]