Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сорлы бұлбұл жазға асық боп)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сорлы бұлбұл жазға асық боп)

Сорлы бұлбұл жазға асық боп,
Нұрлы гүлге айтты зар.
Көбелек те шамды алам деп,
Отқа түстi боп құмар.

Жарға ғашық болғаныма
Таңданатын түк те жоқ.
Жер жаралмай тұрғанында
Менде Aсықтың нұры бар.

Жан денеме кiргенiнде
Бiрге кiрген осы дерт.
Жан беретiн дәрiгерiң де,
Ем таба алмай қор болар.

Менде бар да, тiптi сiзде,
Жоқ емес бұл қасиет.
Оны өшiрiп бәрiңiз де,
Дедiңiздер жауды жар.

Алдағанға кеттiң азып,
Әпсүн оқып үйренiп,
Бердi сайтан дұға жазып,
Соны қылдың бойтұмар.

Неге жандың, сұм жүрегiм,
Өзгелердiң дертi үшiн.
Жарды сүй деп, бар тiлегiң,
Мен сияқты басқалар.

Өзге асықтар қызғанады,
Басқалардан өз жарын.
Қызғаныштан кiм танады,
Бұл сөзiңе кiм нанар?

Мен жомартпын жар нұрына,
Алса екен деп барша жан.
Жетсе көзiң бұл сырыма,
Ой өрiсiн қылма тар.

Дүние өмiрiн мен сынадым,
Ешбiрiнде опа жоқ.
Қош, өмiрiм, қош, құмарым,
Қош, жәдiгөй, нәпсi қар!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Сорлы бұлбұл жазға асық боп өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Сорлы бұлбұл жазға асық боп

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]