Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)
Шын асықтың әрбiрi,
Өлiп топырақ болды да,
Жаралыстың тағдыры,
Жаратты менi орнына.
Жарының нұры қосылған,
Мол керемет менде бар.
Жалғыз жарға шоқынған,
Қайда мендей пенде бар?
Менiң жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры.
Оны сезер сiз емес,
Көзге таса бұл сыры.
Жасырып тұр жар өзiн,
Бас көзiмен қарама.
Жүрегiңнiң аш көзiн,
Жардың сырын арала.
Көрем десең жарымды,
Мас бол, жүрек тазала.
Өртеп жiбер барыңды,
Қарсы ұмтылып қазаға.
Көрсең, оған бас ұрып,
Етегiнен айрылма.
Не көрнеу, не жасырып,
Нәпсi ісiне қайрылма!
Бұл сәлемдi есiңе ал,
Егер жетсең тiлекке.
Жар қанжары маған бал,
Сұқсын сорлы жүрекке.
Талай асық жаралсын,
Жар ағызған қанымнан,
Жер жүзiне таралсын,
Жүрегi таза естi жан.
Сайтан қашып асықтан,
Асыл озып жасықтан,
Бейiс болсын бұ жалған,
Кеудеден кетiп сасық қан
Өлiп топырақ болды да,
Жаралыстың тағдыры,
Жаратты менi орнына.
Жарының нұры қосылған,
Мол керемет менде бар.
Жалғыз жарға шоқынған,
Қайда мендей пенде бар?
Менiң жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры.
Оны сезер сiз емес,
Көзге таса бұл сыры.
Жасырып тұр жар өзiн,
Бас көзiмен қарама.
Жүрегiңнiң аш көзiн,
Жардың сырын арала.
Көрем десең жарымды,
Мас бол, жүрек тазала.
Өртеп жiбер барыңды,
Қарсы ұмтылып қазаға.
Көрсең, оған бас ұрып,
Етегiнен айрылма.
Не көрнеу, не жасырып,
Нәпсi ісiне қайрылма!
Бұл сәлемдi есiңе ал,
Егер жетсең тiлекке.
Жар қанжары маған бал,
Сұқсын сорлы жүрекке.
Талай асық жаралсын,
Жар ағызған қанымнан,
Жер жүзiне таралсын,
Жүрегi таза естi жан.
Сайтан қашып асықтан,
Асыл озып жасықтан,
Бейiс болсын бұ жалған,
Кеудеден кетiп сасық қан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сорлы бұлбұл жазға асық боп)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Әбден толып жарық ай)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сорлы бұлбұл жазға асық боп)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Әбден толып жарық ай)
» Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)
Іздеп көріңіз: