Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)

Жан берiп жарық, жылы нұрдан,
Күн атам жердi буаз қылған,
Өсiмдiк туған осыдан,
Жетiлiп, өсiп, толғанда дән.
Құрт болған дәнде неше мың сан,
Жаралып шықтық бiз сонан.

Ұсақ құрт дәннен жарып шыққан,
Жасаған құрттар әр түрлi тән.
Құс, балық, шаян – көп айуан,
Айуаннан өсiп, болдық адам.
Кейiмiз естi, кейiмiз надан,
Жаралыс салған сондай мән.

Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тәнiмiз топырақ пенен судан.
Күн – атам, анық жер – анам,
Бiрi нұр берiп, бiрi – тамақ,
Өсiрген күтiп, әлпештеп-ақ,
Бұзады бiрақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,
Әрi анам бұл жер, әрi молам,
Денемдi жұтпай тынбаған.
Кетедi жаным нұрға таман‚
Жазықсыз болса, барады аман,
Қиянат iстi қылмаған.

Бұл сөзiмдi естiп, пiкiр қылған,
Кәпiр дер менi не мұсылман,
Әр түрлi айтар тыңдаған.
Қалжыңың емес, хақиқаттан,
Жат емес ақыл, не аяттан,
Анығын байқар шындаған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәкәрім құдайбердіұлы Күн – атам анық жер – анам өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Күн – атам анық жер – анам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]