Өлең: Мұхтар Шаханов (Ерлер достығы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ерлер достығы)

Қанаттыны қарынды
Жеңген заманда,
Сендей жаны дарынды
Серік табам ба?
Қайырмасы:
Нағыз достық махаббаттан бір де кем емес,
Досы жоқтарды тағдыр жебемес.
Ізгілікке алғысыңмен,
Сарқылмайтын нар күшіңмен,
Сатылмайтын болмысыңмен
Сау бол, ұлы сезім.
Даңқыңды бұлт жасырмасын,
Жасырмасын, асыл досым,
Қай кезде де қасымдасың,
Өзің.
Жаны аласа қоғамның
Парқы тұманды.
Бір досы жоқ адамның
Даңқы күмәнді.
Қайырмасы
Ер жігіттің ел сенер
Сенім — атасы.
Достықпенен өлшенер
Ұлттың сапасы.
Қайырмасы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұхтар шаханов Ерлер достығы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Ерлер достығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]