Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар бар әңгімесі таусылған)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар бар әңгімесі таусылған)

Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,
Сен сүйгенмен, ол сүймесе - шараң не?
Махаббат ол — қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Сүйіктім-ау,
Сәнсіз өмір мәнді ме?
Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де.
Бәсеңдетпе,
Қарлықтырма дауысыңды,
Бақытсыз боп қалмау үшін мәңгіге.
Сүйіктім-ау,
Әнсіз өмір мәнді ме?
Ән түзелсе, түзейміз ғой сәнді де.
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат — таусылмайтын әңгіме!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұхтар шаханов Жұбайлар бар әңгімесі таусылған өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Жұбайлар бар әңгімесі таусылған

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]