Өлең: Мұхтар Шаханов (Ғашықтар мұңы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ғашықтар мұңы)

Ар алдында, адал, ақпыз десек те
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.
Көзімді алмай маздап жанған оттардан
Саған сенем, саған сенім артамын.
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұхтар шаханов Ғашықтар мұңы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Ғашықтар мұңы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]