Өлең: Мұхтар Шаханов (Алматыдан аттанарда)
Өтті зырлап, заулап балғын күн, өтті жылдар ағылып,
Кеттің, жаным, асау тағдырдың тізгініне бағынып.
Қимасым боп неге қалмадың, неге алмадың ойыңа,
Әйтеуір сен асыл арманым, шақырмадың тойыңа.
Оған жаным, өкпелемеймін, кінәм да жоқ артатын,
Махаббатты жырға бөлеймін, бізді ілгері тартатын.
Арманыңның гүлін аңсаумен, сағынудан шаршама,
Тілектеспін саған, жан сәулем, жолың басқа болса да.
Алматы тұр жайып құшағын, әсем қала бұл қала,
Ертең сенен алыс ұшамын, қарамашы мұңдана.
Сырттай жалғап арман тілегін саулығымды сұраған,
Бұл қалада бар деп білемін, маған сенген бір адам

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: