Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті)

Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?

Қайырмасы:
Сенемін саған,
Тұрғанда аман
Адамдық күші, ой күші.
Аралым менің,
Жанарым менің,
Халқымның ұлы қайғысы.

Бұл өлке қалайша болады азап түнегі,
Ежелгі мұң-зарың аз ба еді, қазақтың елі?
Қайтемін, Аралым, бүгінде қалды сүлдерің,
Төзімі еліне ұқсаған көнбісім менің.

Аралым, күн туды басыңа дүрбелең - керең,
Кім ұқпақ, шалды, анау өзіңмен бірге өлем деген.
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсіз,
Бір жылда екі ұлын жоғалтқан ана тұр тілсіз
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұхтар шаханов Арал қасіреті өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Арал қасіреті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]