Өлең: Міржақып Дулатұлы (Балдызға (үшінші хат))

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Балдызға (үшінші хат))

Жаздым сәлем балдызға,
Мақшұғым сіздей жалғызға.
Жақсыда жаттық болмайды,
Именіп сырын жасырма.
Торда отырып тарықпай,
Талпынады ылашын.
Бидайықты үміт қып,
Созады көкке құлашын.
Көк қауырсын бидайық,
Ержетсе кімге лайық.
Жатсынбайық жақындап,
Пікірін тартып сұрайық.
Отырмын торда жабырқап,
Шығармын ертең жарқырап,
Сұрағыма жауап бер,
Жүріп кетпей салбырап
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
міржақып дулатұлы Балдызға (үшінші хат) өлең стихи на казахском миржакып дулатулы олен казакша, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатулы олендери, миржакып дулатулы стихи на казахском, Балдызға (үшінші хат)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]