Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Жайықтың бойы көк шалғын)
Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, құлдай қылып айдармыз!
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, құлдай қылып айдармыз!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: