Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қылыштай қиғыр алмас ем)
Қылыштай қиғыр алмас ем,
Шарға шауып мұқалдым.
Суаруы қанық көк сүңгі ем,
Сұғуын таппай тот алдым.
Жал аулы найза майрылып,
Жау тауымды шаққанын,
Дұшпан қайта қайрылып,
Туымды менің жыққанын
Енді қайтіп ұмытармын?!
Алайда бір шендессем,
Ауыр жүкке кездессем,
Қара нардай-ақ
Саздауға қарсы жұл қармын
Шарға шауып мұқалдым.
Суаруы қанық көк сүңгі ем,
Сұғуын таппай тот алдым.
Жал аулы найза майрылып,
Жау тауымды шаққанын,
Дұшпан қайта қайрылып,
Туымды менің жыққанын
Енді қайтіп ұмытармын?!
Алайда бір шендессем,
Ауыр жүкке кездессем,
Қара нардай-ақ
Саздауға қарсы жұл қармын
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: