Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Құлжа қуған текешік)
![Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Құлжа қуған текешік)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2019-06/1560274116_img9.jpg)
Құлжа қуған текешік
Құлдырайды құты ұшып.
Айшықты мүйіз тигенде,
Бас ұрмай ма, баз кешіп?!
Біздер - дағы, жігіттер,
Бірлестірсек білекті,
Шын туайттасақ тілекті,
Орната білсек керек-ті,
Толарсақтан қан кешіп,
Болат найза, ақ семсер
Жарасып біздің керекке,
Бойлата сұқ жүрекке,
Ханның кетсін аты өшіп!
Құлдырайды құты ұшып.
Айшықты мүйіз тигенде,
Бас ұрмай ма, баз кешіп?!
Біздер - дағы, жігіттер,
Бірлестірсек білекті,
Шын туайттасақ тілекті,
Орната білсек керек-ті,
Толарсақтан қан кешіп,
Болат найза, ақ семсер
Жарасып біздің керекке,
Бойлата сұқ жүрекке,
Ханның кетсін аты өшіп!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: