Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)

Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай,
Тебінгіні терге шірітпей,
Терлікті сүттей ірітпей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ұлы түске ұрынбай,
Жанға салған малтаның,
Әр түйірі ат болмай,
Атыңды байлап келгенде,
Қатын, бала жат болмай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме!?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
махамбет өтемісұлы Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі өлең стихи на казахском махамбет утемисулы олен казакша, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет утемисулы олендери, махамбет утемисулы стихи на казахском, Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]