Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарысы бар аймақтың)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарысы бар аймақтың)

Даттайды екен бір кінәңді ел білсе,
Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз.
Қызғанышы ізгілігін сөндірсе –
Нақ сол адам бақытсыз.
Көздер барда қадалатын тамсана
Шын сұлулық қалмақ емес назарсыз.
Қажырсыз ба, қанша сұлу болса да,
Нақ сол адам ажарсыз.
Жабырқама,
Беліңді жаз бүгілген.
Еңкеймесін ер жігіттің атағы,
Ол солай ғой,
Түймедей бір мініңнен
Бәз біреулер түйе жасап жатады.
Мойыма дос.
Неге әлсіздік байқаттың,
Тарылмасын көңіліңнің қойнауы.
Ойлашы өзің,
Тарысы бар аймақтың
Мүмкін бе екен торғайлары болмауы?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұхтар шаханов Тарысы бар аймақтың өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Тарысы бар аймақтың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]