Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыным менің бір тараса)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жыным менің бір тараса)

Жыным менің бір тараса,
Бір ұстап,
Тұла бойым отыр тағы құрыстап
Арқалының сылап-сипап арқасын,
Асыл досым, үзіп берші дұрыстап.
Шаруа жеңіп,
Жұмыс әбден басты ма?!
Солқ-солқ етіп ауырады бас мына.
Көк сәулемен емдегендей
Мені, ару,
Ұзақ ұста көз нұрыңның астына.
Қашан келер нағыз жүйрік бабына?!
Жүйрік, әлде, жүйрік емес, жабы ма?!
Қызыл шоққа суарғандай,
Оқушым,
Көп-көп ұста махаббаттың табына!
Табынушы ем тек көңілдің ағына,
Бұлбұлың боп қона алдым ба бағыңа?
Туады ақын, әдетте өз сорына,
Бірақ, бірақ...
Ел-жұртының бағына!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Жыным менің бір тараса өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Жыным менің бір тараса

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]