Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Жай сөзді,
Жайдақ сөзді тыңдапты кім?!
Жел сөзге шашылмасын мыңдап пұлың.
Дәулеттен,
Дүниеден гөрі маған
Данадан қалған көне қымбат мұңым.
Көңілде құса барын,
Нала барын
Сендерден жасырмаймын, балаларым.
Мұң болып жатыр менің жүрегімде
Теп-тегіс,
Жермен-жексен қалаларым.
Жоқтайды нулы көлін татырларым,
Шөліркеп жатыр Бетпақ,
Жатыр Нарын.
Қалайша мұңаймайсың
Әр жерде бір
Көмілмей қалса кеше батырларың?!
Айтамын өткен күнде ақым барын,
Белгілі бұл сөзімді мақұлдарың.
Қалайша мұңаймайсың
Қиянаттан,
Зорлықтан зарлап өтсе
Ақындарың?!
Басталды жаңа-жаңа соны ісіміз.
Соны істе пионерміз,
Болысыңыз!
Қарайды әлі сенбей
Әлдекімге
Бір беріп,
Бір қайырған қонысымыз.
Туысқан.
Татулықтың жөні бөлек.
Ерлерін қадірлей ме елім елеп?!
Біреулер біріктіре алмай жүрсе,
Біреулер сол қазақты бөліп әлек!
Қазақтың
Болғаны ма өкпе тегі?!
Шығысып бір-бірінен көп кетеді.
Жақсыға зар боп жүрсек —
Мұңаймай гөр!—
Біреулер сол жақсыны шеттетеді.
Ақылдың бас тартқам жоқ жетегінен.
Елімді әбден білем,
Жете білем,
Қалайша мұңаймайсың
Екі қазақ
Бір-бірін тартып жатса етегінен?!
Айналмай қожасына арам астың,
Заманның есебіне араластым.
Көңілі бүтін болмай ел-жұртыңның,
Бақыты бақыт болмас қара бастың!
Ұнайды,
Ұнайды елге ақын, сірә.
Сыртыңнан жүреді жұрт жақынсырап.
Тірліктен басы қатып,
Кейбіреулер
Келеді,
Хат жазады ақыл сұрап.
Біреулер ойлануға олақ, сірә,
Отыр деп есептей ме қонақсырап?!
Баламды түсіріңіз оқуға деп
Келеді ауылдастар көмек сұрап.
Біреулер барып тұрған нағыз сынап.
Оларға алдау-арбау — парыз, сірә.
Өмірде аласым жоқ,
Бересім жоқ,
Бірақ та келеді олар қарыз сұрап.
Өмірде дұрыс та бар,
Бұрыс та бар.
Біреулер оқып мұны қуыстанар.
Түнімен тойлап-тойлап,
Бас жазуға
Келетін шарап іздеп туыс та бар.
Аямай беріпті ғой мінді бізге.
Ол — сықақ,
Ол — әжуа тілімізге.
Сіз қалай қарайсыз?—деп,
Жәбір көрген
Келеді әділет пен шындық іздеп,
Бұл бір сыр тағдырласқа,
Майдандасқа.
Амал жоқ мұңаймасқа,
Ойланбасқа.
Апыр-ай, қандай қиын!
Келгендерге
Не берем
Астан басқа!?
Шайдан басқа?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Жай сөзді өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Жай сөзді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]