Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақындар мен патшалар)

Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның
Біледі паравоздың дөңгелегі.
Махаббат дейтұғын бір құрғыр оттан
Ұшқан нұр ақын көзін бұлдыратқан.
Пушкин мен Лермонтов жүрегіне
Қадаған дұшпандары бір-бір оқтан.
Мен осы аруақтарға басымды идім.
(Азабын шекті дейді Қасым үйдің)
Жауыздар!
О, жауыздар!
Тірідей-ақ
Терісін сыдырыпты Насимидің!
Түршігіп,
Айналады денең мұзға:
Жеткенде ақын қолы әрең қызға,
Тәңірін сататындар хандық үшін
Вагипті лақтырыпты терең құзға.
Ақынның кемел кезі —
Бесін шағы.
Ергелі отырғанда осынша ауыл,
Қапыда,
Ойда жоқта
Опасыздық
Әкеткен Махамбеттің басын шауып.
Қанша аруақ аты түгел аталмаған!
Жалтарсам,
Қарайды олар қатал маған.
Тұрғанда ақын тірі
Ешбір патша,
Ешбір хан
Тыныш ұйықтап жата алмаған!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Ақындар мен патшалар өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Ақындар мен патшалар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]