Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің әкем)

Бұл өмірді кім саған оңай депті!
Қайырасың тағдырдан қалай кекті?
Менің әкем
Сияқты Адам ата
Қалай келсе өмірге
Солай кетті.
Әкем жайлы енді-енді біліп келем:
Күресіпті ол контра.
Бүлікпенен.
Ол өлгенде артында түк қалған жоқ —
Болмаған ғой шаруасы мүлікпенен.
Орындалмай жатқанда мақсаты әлі
Ажал келіп мезгілсіз қақсатады.
Артында оның жар қалды,
Бала қалды,
Қалды сосын өзінің жақсы атағы.
Кескілеген заман ғой керегені.
Жесіріне қол ұшын бере ме елі?!
Береді ғой,
Бірақ та біздер үшін
Ақсақ лақ болса да керек еді!
Болмады не тәп-тәуір баспанамыз.
Үй сұрауға біреуден жасқанамыз.
Аяқ-қолды байлаған сол тапшылық,
Тапшылық па?
Керемет таспа нағыз!
Ерте айтқанмен тілек пен талап әнін,
Бірден бола қойған жоқ қалағаным.
Ел қамымен жүрем деп әкем менің
Ескермепті жар қамын,
Бала қамын.
Орындалмай жатқанда мақсат әлі,
Ажал келіп мезгілсіз қақсатады.
Артында оның от қалды,
Ошақ қалды,
Қалды сосын өзінің жақсы атағы.
Қыр көрсетіп қанша бай,
Қанша бекке,
Көтерілді жас қоғам талша көкке...
Балам менің тартса екен атасына —
Жиырмасыншы жылдардағы большевикке!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Менің әкем өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Менің әкем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]