Өлең: Қадыр Мырза Али (Әз ана)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Әз ана)

Өзіңнен үлгі алғандай
Өлеңге ғашық кең далам.
Періште көрсем таңданбай,
Көргенде сені таң қалам:
Ертемен тұрып, Әз ана,
Беліңді бекем буасың.
Бір кезек қора тазалап,
Бір кезек ыдыс жуасың.
Бір кезек тамақ пісіріп,
Бір кезек тойға барасың.
Бір кезек пішен түсіріп,
Бір кезек отын жарасың.
Жұмыссыз жүру ұят деп,
Бір мезет қарап тұрмайсың.
Бір кезек жалғыз үй әктеп,
Бір кезек еден сырлайсың.
Бір кезек қонақ шақырып,
Бір мезет тыным алмайсың.
Бір кезек қазан сапырып...
Қатардан және қалмайсың.
Бір кезек күнге кір жайып,
Бір кезек кілем қағасың.
Әкеден озған
Ғажайып
Әдемі бала табасың.
Бір мезет, тіпті, жүн сабап,
Бір мезет киіз басасың.
Ай санап,
Апта,
Күн санап,
Өзіңдей ана жасасын!
Дем алар бір сәт уақыты
Жоқ-ау деп саған қараймын.
Бақыты бар ғой,
Бақыты
«Феодал» біздің ағайдың!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Әз ана өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Әз ана

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]