Өлең: Қадыр Мырза Али (Өткенімді жатып алып ойланам)
Өткенімді жатып алып ойланам:
Аз келіпті қуаныш пен той маған.
Тірлік мені
Жалғызы-ау деп біреудің
Аямаған,
Есіркей де қоймаған.
Ол кездері кім кінәлі шөксеңіз,
Әрине, қыс:
Ақша қар мен көкше мұз.
Жыртық етік,
Тесік байпақ сыртынан
Жылт-жылт етіп жүретұғын өкшеміз.
Сәбилерін суық тиген,
Сыз өткен
Сорлы ата-ана күндіз-түні күзеткен.
Күрестік біз аштықпен һәм жоқтықпен,
Күрестік біз безгекпен һәм сүзекпен.
Ауыр болды,
Ауыр болды,
Бұл анық.
Жаман екен аш қарынның жыланы.
Шұрқыраған ішегімізді алдайтын
Бір кезде бар,
Бір кезде жоқ быламық.
Жаңа-жаңа қойған кез ғой кекілді,
Талықсытып кететін-ді екінді.
Менің ішім болатын-ды
Ауасын
Сорып алған резина доп секілді.
Дейтін әжем:
Келешекке сеніңдер!
Қиындықтың қабырғасын сөгіңдер!
Жайраң қаққан кезіміз аз,
Бірақ та
Сондай ыстық көрінеді со күндер.
Бейбіт күндер,
Бейбіт түндер жеткесін,
Біздің буын ұмытты бар өкпесін.
Бір кездерде батқан әбден жаныңа
Азабың да қызық екен өткесін!
Аз келіпті қуаныш пен той маған.
Тірлік мені
Жалғызы-ау деп біреудің
Аямаған,
Есіркей де қоймаған.
Ол кездері кім кінәлі шөксеңіз,
Әрине, қыс:
Ақша қар мен көкше мұз.
Жыртық етік,
Тесік байпақ сыртынан
Жылт-жылт етіп жүретұғын өкшеміз.
Сәбилерін суық тиген,
Сыз өткен
Сорлы ата-ана күндіз-түні күзеткен.
Күрестік біз аштықпен һәм жоқтықпен,
Күрестік біз безгекпен һәм сүзекпен.
Ауыр болды,
Ауыр болды,
Бұл анық.
Жаман екен аш қарынның жыланы.
Шұрқыраған ішегімізді алдайтын
Бір кезде бар,
Бір кезде жоқ быламық.
Жаңа-жаңа қойған кез ғой кекілді,
Талықсытып кететін-ді екінді.
Менің ішім болатын-ды
Ауасын
Сорып алған резина доп секілді.
Дейтін әжем:
Келешекке сеніңдер!
Қиындықтың қабырғасын сөгіңдер!
Жайраң қаққан кезіміз аз,
Бірақ та
Сондай ыстық көрінеді со күндер.
Бейбіт күндер,
Бейбіт түндер жеткесін,
Біздің буын ұмытты бар өкпесін.
Бір кездерде батқан әбден жаныңа
Азабың да қызық екен өткесін!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: