Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің пірім)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің пірім)

Ойлануды бізден бұрын бастадың.
Ойынды да елден бұрын тастадың.
Сен алдымен қалқып алдың қаймағын,
Біз білімнің жеп жүргенде қаспағын.
Арман қуып,
Үміт күтсек алдан біз,
Ұлы ұстаздай сенен үлгі алғанбыз.
Сен тартты деп,
Ұстап қолға домбыра;
Сен салды деп,
Біз де сурет салғанбыз.
Өнерге де машық қылған сен едің.
Өлеңге де ғашық қылған сен едің.
Көп нәрсені ерте сездің,
Ерте ұқтың,
Сөйте тұра болдым,
Толдым демедің.
Енді қазір бұған кімдер сенеді.
Естелік те шам сияқты сөнеді.
Михаэльс көзін ашса Абайдың,
Мына менің көзімді ашқан сен едің.
Бала кезде
Сонау жігіт жасыңда
Жүздеген ой жүзуші еді басында.
Көрінуші ең Герцен болып сен маған
Огарев боп жүруші едім қасыңда.
Қиял шіркін теңдесі жоқ құс дейді.
Ол өзінің істейтінін істейді.
Сол қиялға берілгенде
Ақыл да,
Балалық та сенсіз еске түспейді.
Елге далаң дәл өзіңдей ұл берді.
Ғұмыры да ұзақ емес гүл берді.
Бәрін ерте бастап едің басқадан,
Өмірден де ерте кетіп үлгердің.
Кімге айтамын өзім жайлы арызды!
Ұмытпаймын мойындағы парызды.
Кеудемдегі жыр қазанын қайнатқан
Пеш менікі,
От сенікі тәрізді
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза али Менің пірім өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Менің пірім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]